Хабарландыру
Хабарлама
Жиі қойылатын сұрақтар
1. Электронды есепті онлайн режимінде тапсыру үшін не қажет.
- Міндетті түрде келесі браузерлерді қолдану қажет: Mozilla Firefox (62.0 төмен емес) немесе Google Chrome (67.0 төмен емес).
- NCALayer бағдарламасын орнату қажет. Бағдарламаны ресми көздердерден жүкеу сілтемесі: https://pki.gov.kz/kk/ncalayer-3/ . NCALayer бағдарламасын орнатар алдында міндетті түрде жұмыс жасау нұсқаулықтарымен танысып, бағдарламаның жұмысы үшін Java орнату қажет.
- Егер Сіз Mozilla Firefox браузерін қолдансаңыз - ҚР ҰКО негізгі сертификаттарын орнатыңыз. Оларды https://www.pki.gov.kz сайтта «Негізгі сертификаттар» бөлімінде жүктеп алуға болады (беттің төменгі жағында).
- Міндетті түрде Электронды цифрлық қолтаңба болу керек. ЭЦҚ кілтін Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады (ХҚКО)
2. «Куәлік мерзімі өтіп кеткен!» деген хабарлама шығады
Егер куәлікті таңдап болғаннан соң: «Куәлік мерзімі өтіп кеткен» деген хабарлама шықса, кәуліктің дұрыс таңдалғандығы, тексеріңіз, мүмкін сізде басқа жарамды куәлік бар. Жеке куәлікті алу/ұзарту үшін ХҚО-на жүгінген жөн.
3. ЭЦҚ кілтін алу
ЭЦҚ алу үшін ХҚО-на жүгінген жөн, уақытты үнемдегіңіз келсе https://www.pki.gov.kz сайты арқылы алдын ала онлайн–тапсырыс жасап қоюңызға болады.
4. Респондент кабинетінде авторизация өту кезінде: «NCALayer –ге қосылу мүмкін емес » деген қателік шығады
2. Бағдарламаны жұмыс үстеліндегі NCALayer жазба белгісін екі рет басу арқылы қоса аласыз. Егер NCALayer бағдарламасы орнатылмаған болса, орнату нұсқаулығымен мына жерде танысуға болады.
3. Негізгі куәліктерді куәліктер қоймасына орнату қажет.
4. Mozilla Firefox браузерінде ҚР ҰКО Негізгі куәліктерін орнату үшін www.pki.gov.kz бастапқы бетін ашып «Негізгі куәліктері» бөлімінде (беттің төменгі жағында) өзара «pki_rsa», «root_rsa», «pki_gost» және «root_gost» сілтемелерін басыңыз. Пайда болған терезедегі барлық бегілерді қойып шығып «OK» түймешесін басыңыз.
5. Нысанды ашу кезінде: жүйеде кәсіпорын идентификацядан өтпеді деген хабарлама шығады
Сіздің кәсіпорыныңыз, ең алдымен, таңдалған нысан бойынша каталогта болмауы мүмкін. Ақпаратты анықтау үшін статистика мекемелеріне хабарласу қажет. ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің нөмірлерін «Жүгіртпе» бөлімінде «Анықтама» қойындысынан қараңыз.
6. Нысанды жүктеу кезінде жүйе нысанды жүктеу қатесін берді
Қате мәтіні анық көрінетін беттің скриншотын жасап, оны толық сипаттамасымен @statgovkz_bot Telegram-bot-қа жіберіңіз.
7. Есепті сақтау кезінде жүйе деректерді сақтау қатесін берді
Қате мәтіні анық көрінетін беттің скриншотын жасап, оны толық сипаттамасымен @statgovkz_bot Telegram-bot-қа жіберіңіз.
8. Статистикалық нысандарды толтыру бойынша сұрақтар болса
Сізге тіркеуде тұрған тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша аумақтық статистика органдарға жүгінуіңіз қажет. ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің нөмірлерін «Жүгіртпе» бөлімінде «Анықтама» қойындысынан қараңыз.